Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға сапары аясында NSART командасы жалпы құны шамамен 30 млн доллар болатын 6 келісім жасады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында NSART командасы іскерлік бағдарламаға және B2B-келіссөздерге қатысты. Нәтижесі — жалпы құны шамамен 30 млн АҚШ доллары болатын 6 келісім мен уағдаластық.
Бұл сандардың артында нақты жобалар тұр: цифрлық мемлекеттік қызметтер, білім беру бастамалары, финтех-шешімдер, сондай-ақ AI-дата-орталықтарымен жұмыс — жобалау мен сертификаттаудан бастап мамандар даярлауға дейінгі толық цикл. Бұл бастамалар ертең сұранысқа ие болатын саланың негізін қазірден қалап жатыр.
Барлық келісімдер QazTrade, ҚР СІМ, Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі және KazakhInvest қолдауымен NSART Gateway бағдарламасы аясында жасалды. NSART үшін бұл — сенім белгісі, қазақстандық технологиялардың жаңа нарықтарға шығуы және елдер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі. Алда — көп жұмыс, бұл тек бастамасы ғана.

Gujranwala Business Alliance делегациясы NSART Group бас директорымен бірге Ақкөлге барды — бұл Қазақстандағы алғашқы ақылды қала жобаларының бірі. Қонақтарды Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов қабылдады.

Gujranwala Business Alliance пен GIFT University делегациясы Қазақстанда Қазақстанның Пәкістандағы бұрынғы елшісі Ержан Кистафиннің қатысуымен кешкі қабылдау өткізді.

Gujranwala Business Alliance делегациясы Астанадағы «Атамекен» ҰКП-ға барды. Делегация құрамында NSART Group бас директоры Нұрғожа Қалиасқаров болды.